Ұлы дала тарихы мұрағаттар қойнауында

Ұлы дала тарихы мұрағаттар қойнауында

2015 жылдың 23 қарашасында астаналық мұрағаттың мұрағатшылары 20 жылдық мерейтойын атап өтті. 1995 жылы 23 қараша күні құрылған Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты талай өткелдерден өтті. Мұрағаттың құжаттардың саны жылдан жылға өсіп, қазіргі кезеңде қалалық мекемелермен  жұмыс жүргізгендіктен жаңа деңгейге көтеріліп, қорды жаңа деректермен толықтыруда.  Мұрағат қызметкерлері шетел мұрағаттарымен белсенді жұмыс жасағанның арқасында Қазақстанның тарихына, қалаға, аумаққа қатысты құнды құжаттар табуда.

Елдегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үрдістер, қоғамдағы даму бағыттары мұрағат құжаттарынан белгілі болады. Мемлекеттік қызмет көрсетуде, тірнектеп жинаған еңбектің арқасында әлеуметтік-құқықтық өтініштерді орындау бойынша өзі және туыстары туралы мәліметті анықтап, әлеуметтік әділдікті орнатуға көмек көрсетеді.

Бірден көзге көрінбейтін мұрағатшылар еңбегінің арқасында мұрағат құжаттарының ғұмыры көпке барады, келешек ұрпаққа тарихи мұра ретінде сақталады, Астана және оның тұрғындарының өмірі жаңа мәліметтермен толықтырылып ғылыми айланысқа түседі.

Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының оқу залында 27 қараша күні «Ұлы дала елінің тарихы мұрағаттар қойнауында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибиелік кокференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Әсима Темкенқызы Бимендина, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі Мирболат Хабиұлы Жақыпов, Татарстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Бас мұрағат басқармасы ғылыми құжаттарды пайдалану және халықаралық қарым-қатынас секторының меңгерушісі Ильяс Альфредович Мустакимов, Ресей Федерациясы Томбы облысы Мемлекеттік мұрағатының  бас археографы Светлана Владимировна Шульга, Түрік Республикасы Стамбул қаласындағы Мимар Синан өнер университетінің профессоры Абдулауақап Қара, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы елшілігінің өкілі Сергей Кимович Журавлев, Қазақстандағы мұрағат ісінің ардагері Ермек Қожайұлы Жүсіпов, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының өкілдері, Ұлттық археография және деректану орталығы, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы Мемлекеттік мұрағаттары мен басқармаларының басшылары, Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық университетінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің өкілдері қатысты.

Конференцияны Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының орынбасары Нарима Әбілқызы Мұхамбеталина жүргізді. Конференция барысында Мұрағат ардагерлері мен үздік қызметкерлер естелік кеуде белгісімен және Құрмет грамоталармен марапатталды.

Конференция қатысушылары мұрағат құжаттарын ғылыми пайдалану, сақтау, жинақтау мәселелерін қызу талқылады, сол сияқты жаңа заманауи автоматтандырылған мұрағаттық қызмет көрсету тәсілдері қолданысқа енгізу туралы айтылған ұсыныстарды қатысушылар бір ауыздан қолдап конференция ұсынымына кіргізді.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *