Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің басшысы Бақыт Балтабаева Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап дәріс өткізді. Оның тыңдаушылары Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылындағы №5 мектебінің 4 және 9 сынып оқушылары және АЛЖИР мұражайының қызметкерлері болды.
Тыңдаушылар назарына Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі атқарылған игі істер жөніндегі ақпарат ұсынылды. Олардың қатарында — демократиялық президенттік сайлаулар, БЖЗҚ құру, Ұлттық мұражайдың ашылуы, «Батыс Қазақстан – Құмкөл» мұнай құбырының іске қосылуы, қазақтардың Дүние жүзілік құрылтайы, ОБСЕ саммитін өткізу және ОБСЕ төрағалық етуі, инфрақұрылымның дамуы, Олимпиадалардағы отандық спортшылардың жеңістері, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығының тойлануы, ЭКСПО- 2017 өткізудің бәсекесі, Қазақстанның ДСҰ кіруі бар. Дәріс барысында Қазақстан туралы документальді фильмдер көрсетілді.