Сенбілік әрекеттер

dsc_0540 dsc_0552

Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатында көркейту және санитарлық тазарту бойынша сенбілік өтті. Еліміздің бас қаласының экологиясын жақсартуға астаналық мұрағат қызметінің өкілдері өз үлестерін қосты.

Елордада 24 қыркүйек күні жалпықалалық «Астана – таза қала» сенбілігі өтті. Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының өкілдері өз ғимараттарының айналасын тәртібке келтірді. Сенбілік барысында қызметкерлер аумақты қоқыс пен жапырақтардан тазартып ағаштарды және жиектерді әктеп айналаны түрлендірді.

Бұл күні ауа райы да көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сенбі күні күн ашық болды. Күздің тамаша райы жұмыс істеуге аса қолайлылық танытты.

«Сенбіліктер өткізу біз үшін көп жылғы әдетке айналды. Қызметіміздің ерекшелігі көп уақытымызды кеңдеде өткізуімізде. Таза ауаға шығу және жұмыс істеуге қуана келісеміз. Сенбілік – ортақ іске атсалысу, азаматтық белсенділік таныту»,- дейді Астана қаласының Мемлекеттік мұрағат директоры  Балқия Баймағанбетова.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *