Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Кемел елдің кемеңгері» атты «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» ММ ұжымының ұйымдастыруымен бөлімдер арасында өткен өнерлі дода

Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Кемел елдің кемеңгері» атты «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» ММ ұжымының ұйымдастыруымен бөлімдер арасында өткен өнерлі дода

2015 жылдың 18 қыркүйегінде Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай және Ұлы ақын, адамзаттың ойшылы, композитор, аудармашы, философ, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Кемел елдің кемеңгері» атты «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» ММ ұжымының ұйымдастыруымен бөлімдер арасында өнерлі дода байқауы өткізілді.

Байқауға бес бөлім дайындалып келіп, әрқайсысы үш нөмірден  өнер көрсетті ал, қалғандары көрермен қауымының қатарын толтырды. Соның ішінде ән айту, көрініс көрсету, өлеңді мәнерлеп оқу секілді өнер түрлері көрсетілді. Көбінесе Абай Құнанбаев атамыздың өлеңдері мен әндері айтылды. Барлық бөлім де өздерінің жақсы дайындығын көрсетіп, бар өнерлерін паш етті. Соның есебінен кеш өте көңілді де қызықты өтті. Кеш соңында марапаттау рәсімі болды.

Жалпы бұл іс-шараны өткізудегі алға қойған мақсатымыз — әр адам мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілін құрметтесін, оның қолданылу аясын әр кәсіпорында, әр мекемеде және әр ұйымда кеңейте түсуге күш салуы керек деген ой.

Мемлекеттік тіл алдындағы жауапкершілік — ел алдындағы жауапкершілік. Бұл тұжырым бұған дейінгі данагөйлердің ұлағатты сөздерінен, Қазақстан Республикасының Тіл Заңын жүзеге асыруға бағытталған әр кезеңдегі «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» және Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясаты талаптарынан туындайды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде», «Қазақ халқы ел болып қазақ тілін құрметтеуі керек», «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін!» деген шақырулары әркімді бейжай қалдырмаса керек. Қайта, «Мен — қазақпын!» деген әр азаматтың намысын оятар болар.

Қазақтықтың белгісі — қазақша ойлап, қазақша сөйлеу. Олай болса, мемлекеттік тіліміздің тамырын тереңге жаю жолында талмай ізденейік. «Ондай болмақ қайда?» демей, көсіле сөйлейтін көсемдерден, шешіле сөйлейтін шешендерден үлгі алайық, солардан үйренейік, ағайын! Сонда ғана ана тіліміздің мәртебесі жоғары, шоқтығы биік болмақ.