Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Прейскурант

«Астана қаласының Мемлекеттік архиві»
мемлекеттік мекемесінің тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін
көрсету бағаларын бекіту туралы

 
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17, 19-баптарына, «Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 10 шілдедегі № 313-НҚ бүйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36438 болып тіркелген), «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 32893 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
1. «Астана қаласының Мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету бағалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге бағаларды бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 511-920 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Астана қаласының «Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Байкенге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

 

 

Записаться на прием